Skip to content

18.03.2026 ж. Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия 8-10 сынып оқушыларымен…

18.03.2026 ж. Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия 8-10 сынып оқушыларымен Медеу ауданының прокуроры Шәріп Мәлікаждар мен бөлім прокуроры Ахтамберді Айбек және Медеу аудандық ПБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Усенова М., №159 гимназия әкімшілігімен бiрлесе отырып профилактикалық іс-шара негізінде дәріс өткізді. Мақсаты: Кәмелетке толмаған балаларға дұрыс бағыт – бағдар беру және құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздігін сақтау.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг және кибербулингтен қалай қорғанасың, қоғамдық орындарда өзін ұстай білу, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ҚР қылмыстық құқықбұзушылық және әкiмшiлiк құқықбұзушылық кодексiнде көрсетiлген бірнеше бапқа тоқталып өтіп, суицидтің алдын алу мақсатында, мемлекет үшін адам өмірі – ең жоғарғы құндылық, Қазақстан Республикасының заңдары әрбір азаматтың өмірін, ар-намысын және психологиялық қауіпсіздігін қорғауға бағытталғандығын, қандай жағдай болса да, оны шешудің қауіпсіз жолдары бар екенін түсіндірді.