Skip to content

2026 жылдың 13 мамыр күні 3-«Б» сыныбында ашық тәрбие сағаты…

2026 жылдың 13 мамыр күні 3-«Б» сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ұйымшылдыққа, сыйластыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі тапсырмалар орындады, өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, өз өнерлерін көрсетті. Тәрбие сағаты қызықты ойындармен, сұрақ-жауаптармен және танымдық жұмыстармен жалғасты.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Ашық тәрбие сағатына қатысқан мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, жақсы бағаларын берді. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.