2026 жылдың 13 мамыр күні Аденова Гүлбаршын Есейханқызының ұйымдастыруымен 1 «Б» сыныбында «Мен бақытты баламын» атты ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз өнерлері мен қабілеттерін жан-жақты көрсете білді. Хор, би, ән, тақпақ және көріністер қамтылып, әр бөлім ерекше әсер сыйлады.
Сабақ өте әсерлі, қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырылды. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, әрқайсысына ерекше көңіл бөлінгені анық байқалды. Осындай еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі зор үлесі үшін ұстазымызға алғысымыз шексіз!
KZ

