Skip to content

3 «Д» сыныбында Әдебиеттік оқу пәнінен «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша…

3 «Д» сыныбында Әдебиеттік оқу пәнінен «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша қорытынды сабақ өтті. Сабаққа Ермек Айзеренің әкесі Айдос арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Кездесу барысында Айдос мырза оқушыларға «Атқа міну – өнер» тақырыбында мазмұнды әңгіме жүргізді. Ол кісі арнайы ер-тоқым, түрлі қамшылар алып келіп, олардың жасалу жолдары, қолданылуы және шығу тарихы туралы кеңінен таныстырды. Балалар ұлттық бұйымдардың ерекшеліктерімен танысып, олардың тәрбиелік мәні мен маңызын тереңірек түсінді.

Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары жайлы маңызды мәліметтер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу өте әсерлі, танымдық әрі тағылымды өтті.

3 “Д” сыныбы
Сынып жетекшісі: Жиенбаева Жанат Болатқызы