Skip to content

18.02.2026 күні Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында “Ізденіс пен жаңашылдықты серік…

18.02.2026 күні Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында “Ізденіс пен жаңашылдықты серік еткен жас маман” атты жас ұстаздар онкүндігінің аясында дәстүрге айналған “Жас маман – 2026” байқауының І кезеңі – таныстыру кезеңі өткізілді.

🏅Бұл байқау — жас педагогтардың өз мүмкіндігін көрсетіп, тәжірибе алмасып, жаңа белестерге қадам басуына арналған алаң.

Байқауға қатысушы 10 жас ұстаз өздерін таныстырып, ұстанымдары мен болашаққа деген мақсаттарымен бөлісті.

Бүгінгі кеш жас ұстаздардың шығармашылық әлеуетін, кәсіби ізденісін танытқан ерекше бастау болды.

Жас маман — мектептің болашағы, білім сапасының кепілі, шәкірт жүрегіне жол табатын тұлға.

«Жас маман – 2026» байқауы барлық қатысушыларға жаңа тәжірибе мен жаңа жетістік әкелсін!

#жасмаман2026