Skip to content

📚 Кітап — рухани қазына! 14 ақпан — Халықаралық кітап…

📚 Кітап — рухани қазына!

14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына 8 «В» сынып оқушылары белсене қатысып, мектеп кітапханасына өздері алып келген кітаптарын сыйға тартты.

Бұл игі іс — кітапқа деген құрметтің, білім мен рухани байлықты бөлісудің жарқын көрінісі. Сыйға тартылған әр кітап — болашақ оқырмандар үшін жаңа білім мен шабыттың бастауы болмақ.

8 «В» сынып оқушыларына кітапхана қорын толықтыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! Кітап сыйлау — ең құнды сыйлық екенін ұмытпайық.

📖 Кітап оқитын ел — болашағы жарқын ел!