Skip to content

Педагогтен көшбасшыға! Педагог қалай тиімді басшы бола алады? Бұл сұраққа…

Педагогтен көшбасшыға!

Педагог қалай тиімді басшы бола алады? Бұл сұраққа жауапты Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы (ҚББЖТҒӘО) ұйымдастырған семинар-практикум барысында талқылады. Іс-шара Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия базасында өтті.

Мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары педагогтің басқарушыға айналу үдерісіне терең үңілді. Қатысушылар басқарушылық жолдың басында жиі жіберілетін қателіктерден қалай сақтану керектігін және ұжымдағы көшбасшылық ұстанымын қалай нығайтуға болатынын талқылады.

Жұмыс барысында мектеп өмірінен алынған нақты кейстер қарастырылды: күрделі жағдайларда шешім қабылдау, басшының жауапкершілік шекарасын айқындау, басқарудың шын мәнінде тиімді болуына әсер ететін факторлар сөз болды.

Семинар қорытындысында әр қатысушы жаңа идеялармен қатар басқарушылық ойлауды дамытуға арналған практикалық құралдар — чек-парақтар мен әдістемелер алды.
ҚББЖТҒӘО қала мектептері үшін мықты басқарушы көшбасшыларды қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. Өйткені заманауи мектеп — бұл команда, ал командаға білікті әрі шабыттандыратын көшбасшы қажет.
—–