Алматы қаласы гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өткен көркем гимнастикадан Алматы қаласының чемпионатында Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 5 «Г» сынып оқушысы Бексултанова Еркежанның жүлделі ІІ орын иеленуі – гимназиямыз үшін үлкен мақтаныш!
Еркежан, сені осы тамаша жетістігіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Табандылығың мен еңбегіңнің арқасында биік белесті бағындырдың. Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, жаңа жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз!

KZ



