Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында 8-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ерекше әрі әсерлі мерекелік концерт өтті.
Бұл кеш – аналар мен ұстаздарға деген шексіз құрметтің, мейірім мен алғыстың мерекесі болды. Сахнада шырқалған әндер, жүрекке жеткен жырлар, көркем билер мен әсерлі қойылымдар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Әрбір сөз, әрбір ән, әрбір қойылым ананың мейірімі мен әйел затының ұлылығын дәріптеген шынайы сезімге толы болды. Залда отырған аналар мен ұстаздардың жүзіндегі қуаныш – кештің ең үлкен бағасы болды.
✨ Бұл концерт – жүректен шыққан алғыс пен махаббаттың көрінісі.
Осындай керемет кешті ұйымдастырған 8-сынып оқушыларына және сынып жетекшілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз:
🔹 Рамазанова Арайлым
🔹 Умиралханов Азизхан
🔹 Сұлтан Қарлығаш
🔹 Сагайбаева Назерке
🔹 Бакаев Ерсұлтан
💐 Барша аналарды, аруларды, ұстаздарды көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Сіздер – отбасының шырағы, қоғамның тірегі, әлемнің нұрысыздар!
#АнаШырағыӘлемНұры
#8Наурыз
#159гимназия
#МектепӨмірі
#Алматы
KZ

