02.04.2026 ж. Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және қарым-қатынас мәдениеті бойынша «Педагогикалық әдеп және кәсіби мәдениет» тақырыбында Ы. Алтынсарин №159 гимназия педагогтер арасында адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдермен педагогикалық әдепті сақтау және білім алушылармен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнату мәселелері қарастырылды.
1. Жас мамандармен жұмыс және тәлімгерлік жүйе
Жас педагогтерді қолдау бағытында тәлімгерлік жұмысы күшейтілді. Тәжірибелі ұстаздар бекітіліп, олар тарапынан әдістемелік көмек пен кәсіби қолдау жүйелі түрде көрсетілуде.
2. Білім алушылардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу.
3. Педагогтер арасында білім алушылардың құқықтарын сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Мұғалімдерге тиісті нұсқаулықтар берілді.

KZ

