Skip to content

✨ Жақсы бастама – дені сау ұрпақтың кепілі! Бүгін мектебімізде…

✨ Жақсы бастама – дені сау ұрпақтың кепілі!

Бүгін мектебімізде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері кіші сынып оқушыларымызбен кездесіп, тіс күтімі гигиенасы жайлы танымдық әдістемелік сабақ өткізді. Балалар тіс щеткасын қалай дұрыс ұстау керектігін үйреніп, неше түрлі сұрақтарға жауап берді.

Жауапкершілігі мен белсенділігі үшін оқушыларымызға ұмытылмас сыйлық – тіс щеткасы табысталды!

Рақмет, студенттер! Балаларымыз енді күнделікті тіс тазалауды ешқашан ұмытпайтын болады.