Бүгін тәрбие сағатында гимназиямызда ерекше сәт өтті.
Көктемгі демалыс кезінде кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша видеороликтер дайындаған оқушыларымыз марапатталды.
3 “Д” сынып оқушылары “Кітап – рухани қазына” іс-шарасына белсенді қатысып, өздерінің білімге деген қызығушылығын, шығармашылығын және жауапкершілігін көрсете білді.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Сынып жетекшісі: Жиенбаева Ж.Б.
KZ


