Бүгін мектеп парламенті және 9 "В" сынып оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған қаражатқа қарттарға қажетті дәрілік заттары мен тәттілерін алып қарттар үйіне арнайы барып, қарттарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар әсем ән айтып, би билеп, жүрекке жылы тиетін концерттік бағдарлама ұсынды. Әрбір өнер нөмірі үлкендердің көңілінен шығып, жүздеріне қуаныш сыйлады.
Концерт соңында оқушылар қарттарға арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстап, ізгі тілектерін жеткізді. Қарттар ақ баталарын беріп, жастарға ризашылықтарын білдірді. Бұл кездесу мейірім мен сыйластықтың, үлкенге құрмет көрсетудің жарқын үлгісі болды.

KZ
