Skip to content

Бүгін қалалық жоспарлы сейсмологиялық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты –…

Бүгін қалалық жоспарлы сейсмологиялық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетке дайындығын арттыру және төтенше жағдай қызметтерінің үйлесімді жұмысын пысықтау болды.
Оқу-жаттығу барысында дабыл беру, эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету және қауіпсіз аймақтарға көшіру шаралары ұйымдастырылды.
Мамандар тарапынан төтенше жағдай кезінде сабыр сақтау, қауіпсіз орынға жасырыну және ресми нұсқаулықтарды орындау қажеттігі түсіндірілді.