Skip to content

Алматы қаласы гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өткен көркем гимнастикадан Алматы қаласының…

Алматы қаласы гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өткен көркем гимнастикадан Алматы қаласының чемпионатында Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 5 «Г» сынып оқушысы Бексултанова Еркежанның жүлделі ІІ орын иеленуі – гимназиямыз үшін үлкен мақтаныш!
Еркежан, сені осы тамаша жетістігіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Табандылығың мен еңбегіңнің арқасында биік белесті бағындырдың. Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, жаңа жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз!