Skip to content

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына…

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған сараптамалық талқылау өтті. Онда құжаттағы негізгі өзгеріс пен олардың мемлекеттің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы сөз болды.

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, жаңа Конституция жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Айгүл Сәдуақасова осы жобаға байланысты өз ойын айтты. Оның айтуынша, бұл өзгеріс жүйелі сипатқа ие және қазіргі заманда мемлекет, қоғам мен жеке тұлғаның өзара қалай әрекет ететінін нақты айқындайды.