*Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады*
Алматыда «Заң және тәртіп» акциясы аясында жастар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекті рейдтік іс-шаралар Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар ұйымдары, комьюнити орталықтары, қоғамдық кеңес өкілдері және қала Полиция департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Түнгі тексерулер барысында ондаған ойын-сауық орны — түнгі және компьютерлік клубтар, барлар, кафе мен мейрамханалар қамтылды.
Әсіресе, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таралу деректерін анықтауға, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне және өзге де құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Рейд қорытындысы бойынша 28 компьютерлік және түнгі клубта, сондай-ақ аула аумақтарында 57 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың қатарында кәмелетке толмағандарды түнгі орындарға кіргізу, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тарту белгілері және мекеме иелері тарапынан болған заңбұзушылықтар бар.
Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, хаттамалар толтырылып, айы�
KZ

