Skip to content

Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері, «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендерінің иегері,…

Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері, «Алтын Жұлдыз» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Төреқызы Миразова құрметіне математика пәні мұғалімдері арасында қалалық II математикалық олимпиада өткізілді.

Олимпиада 8 сәуір күні ұйымдастырылып, ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, математикалық білімін тереңдетуге және тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жүлдегерлер анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Математикалық олимпиаданың шарықтау сәті – жеңімпаздарды Аягүл Төреқызы Миразованың өзі марапаттауы болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Осындай тағылымды шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім саласындағы тәжірибе мен ынтымақтастықты нығайта түседі.