2024 жылдың 20 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.
Челлендждің міндеттері – қазақ халқының музыкалық мәдениетіне білім алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.

KZ
