📍 Танымға толы күн – мұражайдағы саяхат
Кеше біздің 8 "В "сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы барып, ерекше танымдық экскурсияға қатысты.
Бұл сапар оқушылар үшін тек серуен ғана емес, өткен тарихқа үңіліп, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге үлкен мүмкіндік болды.
🏛 Мұражай залдарын аралау барысында оқушылар:
Қазақстан тарихының әр кезеңімен танысты
Көне жәдігерлер мен тарихи экспонаттарды көрді
Ұлттық мәдениет пен дәстүрлер туралы білімдерін кеңейтті
✨ Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі ерекше байқалды. Олар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, нағыз зерттеуші ретінде әрекет етті.
🌍 Бұл іс-шара International Baccalaureate бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — зерттеушілік, ойлау және жаһандық көзқарасты дамытуға бағытталды.
💬 Осындай тәжірибелік оқу арқылы білім әлдеқайда терең әрі есте қаларлық болады!
📸 Білімге толы күннен әсерлі сәттер!
Сынып жетекшісі: Сагайбаева Назерке Бауыржанқызы
KZ


