«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Оған №40 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысып, Академияның құрылу тарихымен, сондай-ақ оның түлектері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің өмірі және ерліктерімен танысуға бірегей мүмкіндік алды. Музейдің әрбір жәдігері уақыт рухы мен адамдардың тағдырын бейнелейтін ерекше тарихты ұғындырады.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың өз елінің тарихына деген қызығушылығын оятуда, танымдық қабілеттерін дамытуда, жастар арасында заңға құрмет пен құқықтық сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жеткізуші: «Жауһар» ұлттық дәстүрді қолдау қоры» Қоғамдық қоры.

KZ
