Skip to content

“Заң мен Тәртіп” бағдарламасы аясында Медеу ауданы мектептерінде құзырлы органдар…

“Заң мен Тәртіп” бағдарламасы аясында Медеу ауданы мектептерінде құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жолда жүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам талаптарын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.